top of page

«Мақта қыз бен Мысықтың Жаңа жыл кешінде бастан кешкен қызықты оқиғасы»


Ортаңғы «Меруерт» тобы 23.10.2016 ж. Жаңа жылдық мерекені атап өтті. Жаңа жыл мерекесі – әр бала үшін армандаған арманы мен айтылған тілектерінің орындалатынына сенетін күн. Бүгінгі мерекеде балалардың тілектерін Аяз атаның сиқырлы таяғымен орындауға көмектестік.

Балалар жаңа жылдық мерекеге сай әдемі безендірілген залда өз өнерлерін көрсетті. Әсем шыршаның жанында би билеп, мерекені бастады. Айлин мен Равиль жаңа жыл мерекесімен өз тақпақтары арқылы ата – аналарды құттықтап, балалар ән орындады.

Бүгінгі күн ерекше, қызық пен сиқырға толы ертегілер әлеміне аттанып, ертегі кейіпкерлерімен кездесті.

Жаңа жыл кешіне сымбатты да сұлу Мақты қыз Мысығымен қонаққа келіп, Жаңа жылдық мерекені балабақшада балалармен бірге қарсы алғысы келетінін айтты. Мақта қыз орманнан шыршаға ойыншықтар жинап келуге аттанбақшы болып, Мысығын балаларға қарауды ұсынды. Мақта қыздың мысығына арнап, «Мысықтар» биін (Дамиля,Аяла,Жайна,Амина) билеп берді.

Мақта қыз орманда Аяз атаны көріп, адасып қалғанын, Аяз ата таяғын шанада қалдырып кеткенін айтып, таяқты алып келді. Орманнан әкелген ойыншықтарымен шыршаны безендіріп жатқанда, Аяз атаның таяғы құлап, шырша шамы жанды. Осылайша таяқтың сиқырлы екенін көріп, балалардың ойлаған арманы мен тілектерін орындады.

Бірінші тілегі сиқырлы таяқ арқылы кішкентай мысықты үлкен мысыққа айналдырды. Үлкен мысық Мини мен Мики маусты көргісі келетінін айтты. Көңілді Мики мен Мини келіп, балаларды мерекесімен құттықтап, балалармен бірге (Даяна,Ажар,Катя, Қуат,Айдын,Алмат) «Мини мен Мики маус» биін би биледі.

Сиқырлы таяқпен балалардың келесі тілегі Рапунцельді шақырды. Рапунцельге арнап, ағылшын тілінде ән мен тақпақтар(Равиль,Дулат,Құралай,Ажар) айтып берді.

Мақта қыз балалармен бірге Аяз атаға сиқырлы таяғын қайтару үшін орманға аттанды.Орманда аңшының Тауыс құсын ұстап жатқанын көріп, сиқырлы таяқпен Тауыс құстарын тордан босатып алды. Тауыс құстары (Сымбат, Құралай,Айлин,Медина) балаларға би билеп берді.

Мақта қыз өзінің арманы Ақ ұлпа қарды шақырды. Ақ ұлпа қарға Аяз атаның таяғын қайтару үшін іздеп жүргенін айтып, көмек сұрайды. Ақ ұлпа қар өзінің достарын гномдарды көмекке шақырды.Гномдар (Ихтияр, Ярик,Дулат,Ерасыл,Алан,Сұлтан) биін биледі. Ақ ұлпа қар гномдармен бірге Аяз атаның таяғын алып, зал ішіне Аяз ата мен Ақшақарды орманнан алып келді. Аяз ата мен Ақшақарға арнап ән мен тақпақтарын айтып, Аяз ата балаларға сыйлықтар тапсырады. Жаңа жылдық ертеңгілікті көңілді бимен аяқтады. Ертеңгілік соңында ата-аналар ертеңгіліктің жоғарғы дәрежеде өтілгенін айтып, өз тілектері мен ризашылығын білдірді.

Балабақшамызда жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру барысында көптеген жұмыстар жүргізілді.Атап айтсақ; топтарды, музыкалық залды безендіруде балабақша әдіскері мен тәрбиешілердің еңбегі зор.Жаңа жылға арналған көрмеге ата-аналар балаларымен бірге табиғи материалдардан жұмыстар жасады.

Алдағы 2017 Жаңа Жылымен «Еркем-Ай» балабақша ұжымын, ардақты ата-аналарды, барша балғын бүлдіршіндерді құттықтай отырып, барлық отбасына бақыт пен қуаныш, елімізде татулық пен тыныштық болсын – деп, «Меруерт» тобы атынан тілек білдіреміз.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page