top of page

«Ертегілер еліне саяхат»

Қайырлы күн «Еркем-Ай » балабақша сайтының тұрақты оқырмандары !

Cіздерді балабақша өмірінде болып жатқан іс-шаралармен таныстыру біз үшін дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралардың бірі жартыжылдық қорытынды шеңберінде ересек «Меруерт» тобында болып өткен «Ертегілер еліне саяхат» ашық оқу қызметі болды.

Балабақшаның жылдық міндеттерінің бірі балалардың байланыстыра сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, өтілген сөйлеуді дамыту сабағының мақсаты - балалардың тіл байлығын түрлі эмоцияларды білдіретін сөздермен байыту, берілген әріпке сөз ойлап табу іскерліктерін дамыту және ертегіні мазмұндап айта алу мен байланыстыра сөйлеу дағдысы қалыптастыру болатын. Сабақ Шаттық шеңберінен басталды, балалар өздерінің тілектерін айтқан соң «Тілімізді жаттықтырайық» ойынын ойнады, балалар барлығы белсенді қатысты. Саяхат дегеніміз не, немен саяхаттауға болады деген сұрақтарға өз ойларын жеткізе алды. Саяхатқа қайықпен шығатын болғандықтан балалар суға қайықтарын жіберді , оларға бұл өте ұнады. Бірінші арал «Таңқалу» аралы деп аталды, бұл жерде берілген тапсырмаларды дұрыс шеше білді және жаңылтпаштар айтып жарысты. Екінші арал «Қорқыныш» аралы деп аталды, келген кейіпкердің қорқынышын сейілту үшін балалар «Қоянның үйі» ертегісін қуыршақ театрмен сахналап берді ертегінің эмоционалды шыққаны соншалықты барлығы таңдана қызыға қол соқты. Мұндай ертегілерді сахналау балалар үшін қызықты болды. Сонымен қатар ертегіні сахналау -балаларды еркін сөйлеуге, көпшілік ортада өзін еркін ұстауға, айналадағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасай білуге бейімдейді, сөздік қорларын молайтады,жан-жақты дамытады. Мінезі тұйық, ұяң балалар ашыла бастайды. Рөлдерді ойнаған балалар- Сымбат, Құралай,Медина, Ерасыл, Алан,Бексұлтан ,Темірлан өздерін тағы бір қырынан танытты. Әсіресе Сымбат барлық жануарлардың дауысын айнытпай салып берді. Үшінші аралымыз «Қуаныш» аралы деп аталды. Балалар бұл аралда өздернің алған әсерлерімен бөлісті, жаңа сөздердің мағынасын ашып айтты. Жалпы ашық оқу қызметі өз мақсатын жетті деп ойлаймын. Балаларға өте риза болдым. 8 Наурыз мерекесіне де ертегі сахналау жоспары бар.

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page