«Мәңгілік Ел» идеясы – балабақшадан басталады


Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек. Балалардың бойына ұлттық құндылықты, отансүйгіш, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларды қолдап-қолпаштап, бағыт-бағдар көрсету басты міндетіміз деп білуіміз керек. Осы орайда, «Еркем-Ай» балабақшасының «Өркен» тобына өткізген тәрбие сағатым көлге қосқан тамшыдай үлесім деп білемін. Тәрбие сағатын өткізу мақсатым, балалар балабақша қабырғасынан бастап, еліне деген сүйіспеншілігін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу. Салт-дәстүрімізді білу үшін - ұлттық ойындар, бейнероликті дайындау мақсатым - тарихымыздың маңызын бойына сіңіріп өсу, ұлттық мақтанышпен сезіну. Қазақстан Республикасының рәміздері, қалалары, тың мағлұматтар жайлы мәлімдемені балалар мұқият тыңдады. Бүлдіршіндердің белсенділігін, қызығушылығын көргенде, ұлттық дәстүрді дәріптейтін, мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу керек деп ой түйдім.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы байқуатты, түтінін түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді... Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің қлттық идеясы – Мәңгілік ел», деді.

Мәңгілік ел идеясы – ең алдымен біздің болашақ ұрпақ үшін. Сондықтан да, ең алдымен ұрпақтың тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады.


«Бақыт мекені»


«Еркем-Ай» балабақшасы,

Білім мен тәрбиенің ордасы.

Әр ата-ана сеніп отырған,

Күләнда Уәлиханованың арқасы.


Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелетер апайлары осылай.

Жүздерінен шуақ шашып нұрланып,

Әр балаға мейірім төгіп тұрғандай.


Түрлі алаң, таза аймақ, кең сарай,

Барлық жағдай жасалған ғой, шіркін-ай!

Тәрбиенің алтын бесігі деп білемін,

Балалық шақтың Отаны – «Еркем-Ай».


Тату ұжым, білікті мамандар,

Барлығы да, бізде бар.

Әр үйдің бір-бір еркесін,

Үйретуден жалықпаған адамдар.

#Еркемайбалабақшасы #МәңгілікЕлидеясыбалабақшаданбасталады

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now