top of page

Наурыз мейрамы


Салтымен ата – бабамның

Жаңғырды қайта заманым.

Тіршілік басы , о Наурыз

Қайырлы болғай қадамың!

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ызғарлы қыс кетіп көктем келіп барша халық сағынышпен көрісіп құшақтасып жаңа жыл келді деп қуанысқан кез. Бізде «Еркем – Ай» балабақшасында Наурыз мерекесін алқып – шалқып қарсы алдық. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері орыс, украйын, корей , ұйғыр , түрік , татар, чечен , грузиндер, өзбек , қазақ халықтары қатысып мерекенің ажарын ашты. Балалар ата - аналары мен ұлттық ойындар ойнап, ән айтып,. би билеп Наурыз көже ішіп қуаныштан бал - бұл жайнады. Наурыз мерекесі баршамызға қуаныш, мерекелік көңіл – күй.

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page