top of page

Тақырыбы: «Тіл-халық қазынасы»

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қуанышым, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлттымыздың анасы» дегендей біз қазақ тілдің мәртебесін көтеріп, өзге тілге құрмет көрсетуіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын негізге ала отырып, біздің «Еркем-Ай» балабақшасында «Тіл күні» мерекесіне арналған мерекелік шара атап өтілді. «Бастау» ересек тобында «Тіл- халық қазынасы» атты тақырыптық сабақ өтілді. Бұл шараға кішкентай бүлдіршін балабақша тәрбиеленушілері де тақпақтарын, әндерін,достық билерін билеп өнерлерін көрсетті.

Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тап­сы­ра­тын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін әртүрлі шаралар өтіп тұрады.

«Еркем-Ай» балабақшасында 19-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша балабақша тәрбиешілері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page