top of page

«Алтын күз» мерекелік іс-шара «ДАНА» мектебінде өтті.


Балаларымыздың асыға күткен «Алтын күзі» де келіп жетті. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «Алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.

21 қазан 2016 жылы «Дана» мектебінде даярлық топ, ересек топтары арасында «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – тәрбиенушілер санасына күз байлық, күз береке, күз молшылық, күз шаттық, күз қуаныш екенін жеткізіп, оларды ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баули отыра жеміс-жидектерден түрлі бұйымдар жасатып үйрету,жыл сайынғы алтын күз мерекесін атап өту.Мереке барысында балалар түрлі костюмдер күз тақырыбында өлең шумақтары,түрлі өнерлер көрсетті.

«Сұңқар» тобы бақшамыздың сыйы көкөністер болып сахналық көрініс көрсетіп келді. «Бастау» тобы жәндіктер болып билерін билеп, тақпақтарын айтып күз мерекесіне ұшып келді. «Достар» тобы жылы жаққа ұшып кететін құстардың билерін билеп, тақпақтарын айтты. «Ақ көгершін» тобы орман аңдары болып киініп өз билерін ,тақпақтарын сахналық көріністерін көрсетті. «Алатау» тобы «Күзгі жапырақтар»биімен кіріп тақпақ, өлеңдерін өз өнерлерін көрсетті.

«Алтын күз» даярлық топ, ересектер тобы арасында өтті.Барлық топтардың балалары мерекеге атсалыса қатысты. .Дайындық кезінде балалардың барлығы түрлі өнер қырынан танылып, икебаналар мен мерекелік костюмдер ,өлең шумақтарын дайындады.Ата-аналар да бұл шараға өздерінің көмектерін берді. Мерекеде балалар түрлі өнер көрсетті:өлең,би өнерінде белсенділік танытты.

Мерекелік кеш тамаша биге ұласты. Мерекелік кеш соңында «Күзгі жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында бірлесіп ұйымшылдықпен өткізілген осындай іс-шара мектебімізде өз жалғасын таба бермек.

Посмотреть все фото в Facebook


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page