Жұлдызды Жаңа жыл


23.12.2016 жылы «Жұлдызша» ересектер тобы жаңа жылдық ертеңгілікті атап өттік. Жаңа жыл мерекесін әр бала асыға күтеді, өйткені баланың армандаған арманы, айтылған тілектерінің орындалатын күні. Бұл күнгі мерекеде балалардың тілектерін бірге орындадық.

Балалар Жаңа жылдық мерекеге сай безендірілген залда өз өнерлерін көрсетті. Шырша жанында би билеп, тақпақ, ән айтып мерекені бастады. Мадияр орыс тілінде, Жания қазақ тілінде, ал Ильяс ағылшын тілінде ата-аналарды және қонақтарды құттықтады. Бұл күн ерекше қызыққа, сиқырға толы болды. Ертегі әлеміндегі кейіпкерлермен кездесті. Жаңа жыл кешіне сұлу Ақшақар қорабымен келіп ертегі әлеміне саяхат жасады.

Бірінші қорапты ашқанда Жұлдызбақылаушысы кіріп, өз жұлдыздары туралы мағлұмат берді. Балалардан өз өнерін сұрады. Осы кезде Айлин, Мадияр, Жания, Ильяс «қар» биін биледі. Жұлдызбақылаушысы балалардың биіне риза болып, өзі алып келген «Жұлдызды құрастыр» ойынын ойнатты. Балалардың өнерін тамашалап, қатысып кетті.

Екінші рет қорапшаны ашқанда Қожа Насыр қонаққа келді. Ол балалардың Айлана, Мадияр, Айлиннің ағылшынша тақпақтарын тыңдап тамсанды.

Осы кезде Ақшақар қорабын ашып, Ясминді шақырды. Ясмин балалардан Жаңа жыл қандай мереке екендігін сұрады. Балалар оған ағылшын тілінде Жаңа жыл өлеңін айтып берді. Ясмин би аяқталғаннан кейін, Шығыс қыздарын биге шақырды. Аяулым, Адия, Айлана Шығыс биіне мың бұралып биледі. Балалардың өнері Қожаға және Ясминге қатты ұнады.

Ақшақар Аяз атаны балалардың көмегімен шақырды. Сол мезетте Жаңа жыл кешіне Шаман кіреді. Балалар оның Аяз ата еместігін айтады. Аяз атаны қайта шақырады. Сол мезетте гномдар (Ерқанат, Жәнібек, Әлібек, Алиасқар) билерін билеп шығады.

Ақшақар Шаманнан көмек сұрап, Аяз атаны шақырады. Бубенін қатты соғып, Аяз атаны алып келеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтады. Әндерін шырқап береді. Аяз ата балалардың өнеріне риза болып, алып келген сыйлықтарын үлестірді. Балалардың бүгінгі мерекеге, Аяз атаның сыйлығына риза болғандары соншалық айтып жеткізу мүмкін емес еді.

Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында ата-аналармен де көптеген жұмыстар жүргізілді. Топты безендірді, табиғи материалдардан өз қолдарынан жұмыстар жасады. «Еркем-ай» бала-бақша ұжымының меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілердің қосқан үлесі зор. Музыкалық залды безендіріп, шыршаны жайнатып қойды.

Бала-бақша ұжымы, ата-аналарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасына береке, қуаныш, шаттық, табыс, елімізде тек қана бейбітшілік болсын, - деп «Жұлдызша» тобының атынан тілек білдіреміз.

«Жұлдызша» тобы.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now