Жобалық іс – әрекет: «Музыкалық аспаптар әлемінде


Жобалық іс – әрекет:

«Музыкалық аспаптар әлемінде»

Ортаңғы «Меруерт» тобында «Музыкалық аспаптар әлемінде» атты жобалық іс – әрекет өткізілді.

Жобаны алғандағы мақсатым:

Балалардың музыкалық аспаптар туралы білімін арттыру және тереңдету. Аспаптардың түрлерімен таныстыру арқылы қызығушылықтарын ояту. Ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтауға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Жобалық іс – әрекетті өткізу барысында бірнеше міндеттерді негізге алдым:

  • Баланың эмоционалдық ортасын дамыту;

  • Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру,

  • Музыка мәдениеті туралы әңгімелеу;

  • Баланың танымдық – шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Баланың қабылдау, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттеірн арттыру.

Жобалық іс-әрекет 3 кезең бойынша жүргізілді:

I кезең – Ұйымдастырушылық. Бұл кезеңде балаларға ән күй жетекшісі: Шаймарданова Айгүл Анатолийқызы музыкалық аспаптар және олардың түрлерінің көп екенін айтып, оның ішінде 3 түріне тоқталып өтті.

  1. Ұрмалы аспаптар – барабан, бубен;

  2. Үрмелі аспаптар – сыбызғы, керней;

  3. Шекті аспаптар – домбыра, қобыз, гитара, скрипка;

II кезең. Практикалық – танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру. Бұл кезеңде балалармен «Халық музыкалық аспаптар мұражайына» саяхаттап, ондағы аспаптардың түрлерімен таныстық. Балалар топта мұражайда көрген аспаптардың үлгі суреттерін бояды. Балабақшамызда музыкалық аспаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалардың ата-анасымен бірігіп жасаған жұмыстары қойылды.Дубаев Қуат ата-анасымен табиғи материалдан және қатты қағаздан барабан аспабын жасаса,Серікбай Ерасыл гитара, домбыра аспаптарын жасады.

Топ ішінде балалармен бірге табиғи материалдан, қатты қағаздан гитара, ксилофон, барабан, пианино аспаптары жасалып, көрмеге қойылды.

III кезең.Қорытынды. Музыкалық композиция.

Жобалық іс-әрекетті өткізу барысында көптеген аспап түрлерімен танысты.Ән-күй жетекшісі: Шаймарданова Айгүл Анатолийқызы музыкалық аспаптар түрлерін қайталатып, есте сақтауға, аспаптарды дыбысынан ажыратуға арналған дидактикалық ойындар ойнатты. Сонымен қатар, музыкалық аспаптармен балалар оркестр ойнады. Оркестрде балалар үшбұрыштар, маракастар, барабан, ксилофон аспаптарын қолданды.

Аспаптар туралы БақытҚұралай, Қыдырбай Ажар, Анатаева Дамилия, Серікбай Ерасыл, Дәулетхан Заңғар өз тақпақтарын айтты.

Балаларға ұлттық аспаптарда өз өнерін көрсетуге ата – аналарымыз қонаққа келді.

Атап айтсақ, Саменова Марат Сапаұлы қазақтың ұлттық аспабы домбырада терме орындаса, Қыдырбай Нұрболат қобыз аспабында ойнап, балалар өнерін тамашалады.

Қорытындылау мақсатында балаларға музыкалық аспаптың бірнеше бөлікке бөлінген суреттері берілді.

Алмат, Ихтияр, Жайна, Катя бөлінген бөліктерді құрастырып, қандай аспап екенін айтып, түсіндірді.

Жобалық іс – әрекетті өткізу балаларға қызықты әрі әсерлі болды деп ойлаймын.

Жоба барысында балалар әр аспаптың өзіндік ерекшелігін және өзіне тән ерекше үні бар екенін сезіне алды. Болашақта ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұраны қастерлеп, құрметтейді деген сенімдемін.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now