top of page

«Сүйікті қалам - Алматы» жобалық іс - әрекет

2017 жылдың 31қаңтар күні «Сүйікті қалам- Алматы» тақырыбында проектілік жобамды өткіздім.

Жоба барысында коммуникация, таным, шығармашылық, әлеуметтік орта салалары бойынша жұмыстар жүргізілді.Қаңтар айының басында балаларды Алматы қаласының бірнеше жерлеріне, оның ішінде «Халық музыкалық аспаптар мұражайына, 28 панфиловшілер саябағына» саяхат жасадық.

Мұражайда музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстық. Аспаптардың жасалу тарихы бойынша біраз мағлұматтар алды. Одан кейінгі саяхатымыз саябақ пен жалғасты.. Қыс мезгіліндегі құстардың тіршілігін көріп қамқорлық жасап жем шашты. «Мәңгілік алау» ескерткішінің қасына барып, естелік ретінде суретке түстік. Әсіресе қыс мезгіліндегі саябақ ішіндегі табиғат ұнады. Ағаштың басындағы ақ қарларға тамсана қарады. Балаларға Алматы қаласына саяхаты ұнады.

Топқа келіп жоба бойынша жұмыстар жүргіздік. Алматы қаласының әлемге танымал «апорт» алмасы мен оқу іс- әрекеттерінде көптеген жұмыстар жасалды. Мысалы:мүсіндеуде апорт алмасын қағаз бетіне ермексазды жаю арқылы болса, жапсыруда түрлі-түсті қағазды үзу арқылы, суретте гуаш бояуымен бояу жұмыстары атқарылды. Құрастыру оқу іс- әрекетінде Алматы қаласының Алма бақтың көшірмесін ұжымдық түрде жасады. Осы жұмыстарды 31 қаңтар күні музыкалық залда қорытындыладық. Балалар слайд бойынша Алматы қаласының әсем жерлерінде болғанын , қаланың әдемілігін әңгімелеп берді, тақпақтар айтт. Ғажайып сәтке апорт алмасы кіріп,түрлі түсті майлықтармен өз бейнесін жасатты. Алматы вальсін биледі.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page