Даналық әліппесімен танысу.
- 9 февр. 2017 г.
- 1 мин. чтения

«Сұңқар» мектепалды даярлық тобында «Даналық әліпесімен танысу» тақырыбында қысқа мерзімді ғылыми жобаның қорытынды кезеңі өткізілді. Жоба барысында балалар Жапонияның жаңа технологиясы бойынша жасалған инновациялық сөйлейтін қалам арқылы ұлттық тәрбиелік мәні зор, халқымыздың ауыз әдебиетінің түрлі салаларын- бесік жыры, халық ертегілері мен әндері, халық аңыздары, бабалар баталары, домбыра,қобыз үндері рухани құнды мұралармен тереңірек танысты.
Жазушы Рысбай Сәтімбеков мына өлең жолдары арқылы
Ұлттық мұра –ұлтымыздың ұраны Қастерлейік осы асыл мұраны Ұлтымыздың құнды ұлттық мұрасын
Біліп өссін әрбір ұрпақ-ұланы - деген өлең жолдарын айта отырып болашақ ұрпағымыздың өз Отанын сүйетін,халқымыздың асыл мұраларын меңгеріп,жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуге жол ашу және ой өрісі кең болып өсіп өркендеуіне бағыт беру.
DSC_3158 DSC_3201 DSC_3177 DSC_3185 DSC_3186 DSC_3203 DSC_3195 DSC_3192 DSC_3187 DSC_3170 DSC_3180 DSC_3160 DSC_3205 DSC_3208 DSC_3215 DSC_3211 DSC_3220 DSC_3223






























Комментарии