Жобалық іс – әрекет: «Менің отбасым – менің байлығым».


26.01.2017 ж «Ақжелкен» тобында жобалық іс – әрекет өтті.

Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күніне бастап ата – ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруды бастайды. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.

Бұл тақырыпты алудағы мақсатым, бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Отбасы мүшелерін дұрыс айтуға үйрету. Балабақша мен ата – ананың арасындағы қарым – қатынасты нығайту.

Жобалық іс-әрекет 3 кезең бойынша жүргізілді:

I кезең – Ұйымдастырушылық.

II кезең. Практикалық – танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру.

III кезең.Қорытынды.

Жобалық іс – әрекетті қорытындылау ата – аналардың қатысуымен өтті. Жобалық іс – әрекетті балабақшаға келіп, есік алдынан хат тауып алғанымды айтып, бұл хат атадан келгенін, атаның тапсырмасы бар екенін, тапсырманы орындаса қонаққа келетінін айтып бастадым. Атаның тапсырмасы үш тілде отбасы мүшелерінатап беру болды. Балалар атаның тапсырмасын орындайды. Ата бізге қонаққа келеді.Балалар атаға арналған тақпақтарын айтады. Бұнымен біздің өнеріміз бітпегенін, балалар ата – аналарымен бірге келгенін, олардың дайындаған өнерлерін тамашалауды өтінеміз. Ортаға салтанатты түрде отбасы мүшелерін шақырамыз.

  1. Құдайбергеновтар отбасы.

  2. Есіркеновтар отбасы.

  3. Рахмановтар отбасы.

  4. Тасубаевтар отбасы.

Ата – аналарды сайыстың өту ережесімен таныстырып өтемін. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

  1. Тегімді менің сұрасаң.

  2. Сырласайық оңаша.

  3. Шебердің қолы алтын.

  4. Өнерлінің өрісі кең.

Ата – аналар өздерін таныстырып, сырласып, шеберліктерін, өнерлерін көрсетті. Балалар «Кім тез табады?», «Мейірім құмырасы» деген ойындаройнап, би билеп, тақпақтар айтып өнерлерімен бөлісті.

Жобалық іс – әрекетті өткізу арқылы балабақша мен ата – аналар арасындағы байланыс нығайа түсті.

Жоба барысында балабақшада «Менің отбасым» атты көрме ұйымдастырылды. Арнайы сайысқа келіп қатысқан , сонымен қатар өз қол өнерерін көрмеге алып келген ата – аналарға алғысымыз шексіз.

Жанұяның қуанышы – бала. Ал жанұяның бәйтерегі – ата, әже, әке, ана. Бала – одан тәлім – тәрбие, өнеге алушы ұрпақ. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңыраы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now