Ғылыми жоба Тақырыбы «Қазақттың ұлттық тағамдары»
- 14 февр. 2017 г.
- 1 мин. чтения

«Бастау» ересектер тобында қысқа мерзімді «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында ғылыми жоба өтті. Жоба барысында тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының атауларымен таныстырып, ұлттық дәстүр туралы мағлұмат берілді. Жалпы ұлттық тағамдар туралы түсінік берілді.
Менің мақсатым мен міндеттерім, жаңа сөздіктермен танысу арқылы баланың сөз байлықтарын молайту,топта жұмыс істеу нәтижесінде белсенділігі арттыру бірін-бірі тыңдауға қалыптасу, берілген сурет бойынша сөлем құрау,сұрақ- жауап арқылы еркін сөйлеуге дағдыландыру. . Өзіңнің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрметінің белгісі екенін түсіне отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, осыны баланың бойына сіңіру болды.
Балалар ұлттық тағам түрлері туралы атап берді. Ұлттық тағам жайлы тақпақ,ән,жаңылтпаш,мақал-мәтел айтты. «Шұбат», «Бауырсақ», «Қазы» сөздеріне дыбыстық талдау жасап, буынға бөліп, сөйлем құра білді.
Сиқырлы сандықшадан геометриялық пішіндерді көрсете отырып,олардың элементеріне тоқталып, түстерін ажыратты. Геометриялық пішіндегі «Ұйқасын тап» тапсырманы орындады.
« Сөз,сөйлем ойла» тапсырмасы бойынша суреттен сөйлем құрастырып балалардың логикалық ойлауын ойларын дамытып ойларын жеткізді. Және де «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын орындап жай сөлемдерді байланыстырып аяқтап құра білді.
Қортындылай келіп ғылыми жоба барысында баланы жан-жақты дамыта оқып ұйретудің, саналуан әдістері қолданылады деп айтуға болады.
DSC_3281 DSC_3334 DSC_3304 DSC_3311 DSC_3303 DSC_3382 DSC_3388 DSC_3386 DSC_3381 DSC_3377 DSC_3374 DSC_3368
Посмотреть все фото В Контакте






























Комментарии