«Жыл құстары»
- 31 мая 2017 г.
- 1 мин. чтения

23.05.2017ж күні «Бастау» ересектер тобында іс-тәжірибеден өтуші жас маман Серікжанова Мөлдір Серікжанқызы «Жыл құстары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Балаларға құстар туралы білім беру, білген білімдерін жетілдіре түсу. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, Құстар туралы тақпақтар, мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тілдік қорын жетілдіру,сөйлем құрау. Балалар ғажайып сәтке ену арқылы орманға барды. Орманшы атайдың тапсырмаларын балалар тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.. Жыл құстары жайлы тақпақ,жаңылтпаш, тіл ұстарту, құстар туралы өлеңдерін айтты. Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, мнемотаблица арқылы сөйлемдер құрады.
Балалар берілген тапсырманы орындауда өте белсенділік көрсетті. Балаларды жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткізді. Топтық жұмыс болды.Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің құрылымы өте жақсы.
DSC_4129 DSC_4132 DSC_4133 DSC_4135 DSC_4137 DSC_4149 DSC_4209 DSC_4177 DSC_4171 DSC_4195 DSC_4169 DSC_4153 DSC_4178 DSC_4164 DSC_4172 DSC_4152 DSC_4146 DSC_4198






























Комментарии