«Сәнқойлар сайысы»

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! Тамыз айының 04-ші жұлдызында «Еркем-Ай» балабақшасында сән әлемінен жұлдыздай жарқыраған бүлдіршіндер «Сәнқойлар» сайысына қонаққа келді. Бүлдіршіндеріміз «Сәнқойлар» сайысына өз өнерлерін ұсынып, көрермендерді таң қалдырды. Әрбір бүлдіршін сайысымызға белсенді қатысты. Сайыс үш бөлімнен тұрды.

  1. « Ең әдемі бас киім » сән үлгісі

  2. « Ең әдемі көйлек » сән үлгісі

  3. « Ең әдемі әшекей бұйым » сән үлгісі

Сайысымыздың бірінші бөлімінде бүлдіршіндеріміз әр түрлі бас киімдерді көрермен назарына ұсынып, сән алаңынан жүріп өтті.

Екінші бөлімде бүлдіршіндеріміз «Ең әдемі көйлек» сән үлгісін ұсынды. Бұл бөлімде газеттен, пакеттен және басқада әртүрлі материалдардан жасалған кешкі сәнді көйлектер көрермен назарына ұсынылды.

Үшінші бөлімде «Сәнді әшекей бұйым» сән үлгісі бойынша балалар сәнді әшекейлерін ұсынды.

Бүлдіршіндеріміз сайысымызға белсене ат салысып, қызығушылықпен қатысты. Сайыс соңында әділқазылар алқасы әділ шешім қабылдағанша көрермендермен бірге «Досыңды сәнде» ойыны ойнатылды. Әділқазылар алқасы бір шешімге келіп, белсене қатысқан бүлдіршіндерге жүлделі орындарды табыстады.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now