Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем


Қазіргі өркениеттің даму жолында жақсы мектебі мен білікті мұғалімдері бар оқушы ғана өз білімімен алға озып шыға алады. Сөзімнің дәлелі ретінде, 29-шы қыркүйекте, мектепалды даярлық тобына «Сауат ашу» сабағынан «А дыбысы және әріпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Тәрбиеші Лиза Құттыгуловна сабақты қазіргі жаңа типтік бағдарлама бойынша жүргізді. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көптеген нәтижеге жетуге болатынын Лиза Құттыгуловна дәлелдеп шықты. Нәтижесінде, балалар сабақта белсенді қатысып, жаңа тақырыпты тез меңгеріп алды. Өйткені, мұғалім түрлі әдістермен жұмыс істеді. Балалармен топтық та, жеке де жұмыс атқарылды.

Бағалаудың мақсаты – баланың қай деңгейде тұрғанын білу, білімін тексеру, алдағы мақсатқа жетелеу. Осы орайда мұғалім «Бағдаршам» арқылы, яғни бағдаршамның қызыл, жасыл, сары түстерін өте тиімді пайдаланды. Сабақ өз алдына мұғалім шеберлігінің айқын көрінісін тапты.

Айта кететін жайт, сабақ барысында семинарға келген қонақтар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ал, ең бастысы, құрметті де қадірлі қонағымыз – Астана қаласындаға, Гумелев атындағы Еуразия Университетінің профессоры Фатима Ниязбековна болды. Ол кісі жан – жақтан жиналып, тәжірибе алмасу мақсатында келген қонақтарға жаңа бағдарлама бойынша көптеген тың мағлұмат берді.

Жан – тәнімен балалардың бойына білім нәрімен сусындатып жүрген, еңбегін адал атқаратын Лиза апайға алғысым шексіз.

Т – төзімді, турашыл, талантты

Ә – әдемі, әдепті, әділетті

Р – риясыз, сүйіспеншілік иесі, рахымды

Б – білімді, білікті, білгір, белсенді

И – инабатты, иманжүзді, ибалы

Е – еңбекқор, еңбексүйгіш, елжанды

Ш – шебер, шыдамды, шыншыл

І – ізетті, ілтипатты – осы тәрбиешіге тән жақсы қасиеттер Лиза апайдың бойынан табылады. «Мұғалім сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі» , -деп бекер айтпаған екен.

#Еркемайбалабақшасы #сауаташу #Аәріпі

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now