«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа үлгілік оқу бағдарламаларын тәжірибеге енгізудің әдістеме
2017 жылғы 29 – қыркүйекте мектебімізде оқыту семинарының іс-тәжірибелік бөлімі өтті. Оқыту семинарының басты мақсаты - тәжірибе алмасу, шеберлік жиынтық, мамандармен бірге белгілі бір мақсатқа қол жеткізу. «Еркем-Ай» бала-бақшасының мектепке дейінгі даярлық тобы тәрбиешілері Жакупжанова Қ.М. және Сарсенгалиева Л.Қ. ашық сабақтарын өткізді. Талғар ауданы бала-бақшаларынан тәрбиешілер, мамандар қатысты. Бұл ашық сабақта тәрбиешілер сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге қол жеткізді. Лиза Куттыгуловна мен Қарлығаш Мырзалиевна бүлдіршіндерге бас-көз болып қана қоймай, оны қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеп, рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын тұлға қалыптастыра алатын білікті де, өз ісінің нағыз мамандары деп сеніммен айта аламын. «Мұғалім сырттай қарапайым болғанмен, тарихтағы ең ұлы істің бірі», - деген сөз бекер айтылмаса керек!
Екінші күні 2017 жылғы 30 – қыркүйекте «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа үлгілік оқу бағдарламарын тәжірибеге енгізудің әдістемелік негіздері» атты оқыту семинары өтті. Семинар басталғанда біздің мекеменің құрылтайшысы, Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша МБҰҚҚ филиалының директоры К. У. Батырбекова өзінің құттықтау сөзін айтты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының оқыту семинары лекция түрінде өтті. Модераторы – МБҰҚҚ ғылыми-әдістемелік бөлімінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доценті, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Фатима Ниязбекқызы Жұмабекова болды. Бұл кісіден дәріс тыңдаудың өзі әркімге бұйыра бермейтін мүмкіндік. Мен үшін бұл кездесу – жай ғана семинар емес, алдағы жұмысымның жемісін көрсетуге ықпалын тигізер шеберлік сабақ. Өз еңбегінмен шыққан шың әрқашанда мәртебелі емес пе!
Тыңдаушыларға МБҰҚҚ оқыту семинарына қатысқандығы туралы сертификаттар тапсырылды.
Семинарға Алматы облысының барлық аудандарының мектепке дейінгі мекемелерінен 170 адам қатысты.
Әр істің негізгі бастамасы – ниет. Осындай тамаша кездесу ұйымдастырып, керемет жағдай жасап отырған Күланда Уалиханқызына алғысымыз шексіз! Сіздерге жақсы адамдармен кездесуімді тамсана айтып беруімді жөн санадым.