top of page

Өнерлі өрге жүзеді


«Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші, 18-қараша күні «ДАНА» мектебінде өткен Бота Бейсенованың дарынды, талантты балаларға арналған өнер байқауы өтті. Байқауға жан-жақтан жиналған балабақшалардан қатысушылар келді. Бота Бейсенова – жаны жайсаң, жайдарлы, кеудесінде күні бар адам. Әрбір өлеңі жүрекке жетеді. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын керемет байқау болды. Фестивал басталғаннан соңына дейін музыка ырғағында, әдемі әуен аясында залда отырған барлық көрермендер демалып қалды. Өнерлі бала – сүйкімді екен. Баланың бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін! Осы байқауда бүлдіршіндер үшін өнер – өмірлерінің үлкен бір бөлігі екенін сездік. Әр қатысушы өзінің көрсеткен өнері арқылы әділ-қазыларды тәнті етті, тәтті қылықтарымен баурап алды. Өнерлі бала - өрге жүзеді, әрқашанда биік щыңдарды бағындыратындарына еш күмән жоқ. Оған көзіміз жетті.

Фестивалдың мақсаты – балалар арасынан ән, би өнеріне қабілетті балаларды анықтау, өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру. Фестиваль екі номинация бойынша, яғни вокал және хореография бойынша өтті. Ал қатысқан үміткерлердің жас ерекшілігі де ескерілді. Әділ-қазылар алқасында Бота Бейсенованың өзі және өз саласының мықты мамандары отырды. «Вокал» номинациясы бойынша, сонау Ақтөбе қаласынан келген Медина өз өнерімен әділ-қазыларды тамсандырды. Кішкентай болса да, сахнада өзін еркін сезініп, болашақта үлкен жұлдыз болатынын дәлелдеп шықты. Гран При иегерлері – Медина, Шербакова Арина, Бурханова Надия және Мальсагов Осман. Ал хореография номинациясы бойынша Гран При иегері – «Жау, жау, жаңбыр» биімен «Еркем-Ай» балабақша бүлдіршіндері жеңіп алды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу, үлкен сахнаға жетелеу, баптау осындай байқаулардың арқасында мүмкіндік туады.

Балаларға қанаттарын талмай, биік белестерді бағындырыңдар демекпін.

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page