«ӘНІМ ДЕ САҒАН, ЖЫРЫМ ДА САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!»
Егемендік алып, ес жиғалы бері жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Бағындырар биігіміз бен алар асуымыз әлі көп. Ел тағдыры үшін күрес ешқашан тоқтамайды. Күресе жүріп күлімдеп тәуелсіздікке қол жеткіздік. Заманымыз тыныш. Егемендікке ие болған күнді жыл сайын атап өтудің өзі бір мәртебе.
Қазіргі заманда бейбітшілікті жырламасқа болмас, біз - ұлан-ғайыр өлкенің азат ұрпақтарымыз. Арман деп білген «тәуелсіздік» ұғымы 26 жыл бұрын өз құндылығына ие болған. Бүгін сол орындалған арманның көк туын желбіретіп келеміз. Жыл сайын ата-баба сыйлаған қайрылмас бақты жоғары деңгейде өткізуге барымызды саламыз. Осыған дәлел ретінде тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік кештер мен тәрбиелік тағлымы зор ашық сабақтарды, ұлтжандылыққа шақыратын жарыстарды атап өтуге болады.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының директоры Батырбекова Күләнда Уәлиханқызының басшылығымен желтоқсан айының 9 жұлдызында Талғар ауданына қарасты «ДАНА» жеке меншік мектебінде «ӘНІМ ДЕ САҒАН, ЖЫРЫМ ДА САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!» атты ауқымды фестиваль-конкурс өтті. Балалар шығармашылығына арналған кешке Іле ауданы мен Талғар ауданынан 20 мекеме қатысты. Конкурсқа қатысушылар 4 номинация бойынша бақтарын сынады: «көркем сөз шебері», «бұлбұл дауысы», «жас биші», «қылқалам шебері». Әр номинация бойынша жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді: кіші топ(5-7 жас аралығы), орта топ(8-10 жас аралығы), ересек топ(10-13 жас аралығы). Ұлтжандылыққа шақыратын конкурс екінші жыл өткізіліп отыр. Алдыңғы жылға қарағанда қатысушылар саны да, мекемелердің белсенділігі де артқан. Конкурсқа жалпы 238 бала қатысты, оның ішінде 189 қатысушы(жеке орындаушылармен қоса хор, ансамбльдерді есептегенде) мадақтау қағазына ие болса, қалған 49 бала қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ жетекшілік еткен 40 ұстазға сертификат берілді.
Фестивальда қол өнер ұйымының жетекшісі Жампeисова Толқын Асанқызы «қылқалам шебері» номинациясы бойынша әділ бағасын берді. Ал «көркем сөз шебері», «бұлбұл дауысы» номинациялары бойынша дәстүрлі әнші Оңғарбаева Ақжарқын Даниярбекқызы, «жас биші» номинациясы бойынша хореограф, «Үлгілі бишілер мектебінің» директоры Апизова Гульнара Абдушукуровна басшылық етті. Орын алған әр қатысушыға сертификатпен қатар сыйлық ретінде балалардың танымын кеңейтетін кітаптар сыйға тартылды. Осы жылы Гран При алған балалар келесі жылы конкурстың ашылуына қатыса алады, тек фестивальдың өзіне қатысуына болмайды. Егер жүлдеге ие болған бала басқа номинация бойынша қатысса рұқсат.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігіне бір жыл енді толады. Дегенмен осы күнге дейін ұйым бірнеше конкурстармен қоса көптеген семинарлар мен балабақша мамандарын жетілдіру курстарын ұйымдастырып келеді. Осындай конкурс жариялап,фестиваль өткізген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының ұжымына алғысымыз шексіз. Ел мәртебесін асқақтатуда қосар үлестеріңіз көп болсын. Әрдайым тың жаңалықтарыңызбен қуанта жүріңіздер. Байқаудан жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
«Көркем сөз шебері» номинациясы бойынша:
Гран ПРИ: Абайқызы Ясмина, Шакир Зарина, Хан Софи
І орын: Ерболұлы Заңғар, Медетбек Арман, Аргимбаева Александра, Малбаев Азамат, Әкімбай Мадина , Ахметова Дина
ІІ орын: Русоков Роман, Ерланқызы Айша, Брославская Александра, Нурдилда Алинұр, Өмірәлі Сандуғаш, Абдреимжан Сафиназ, Нұрқанатқызы Нұрай
ІІІ орын: Мұхамедкәрім Айдана Дулатқызы, Кайсина Аққу, Абдилдаев Альжан
«Бұлбұл дауысы» номинациясы бойынша:
Гран ПРИ: Мерлаш Ақберен, Асан Дана, Мұратова Карина(трио), Жігер Ақперен Нұрсаулетұлы, Болатханқызы Інжу
І орын: хор, Қойшыбай Зейнұр, Брославская Александра
ІІ орын: Мұхтар Дулат, Бейсембай Айша, Мирғали Марғұлан
ІІІ орын: Кабижан Алима Арсенқызы, Айбекқызы Айару, Тлеутай Аружан Даулетқызы, Сеилбекқызы Аружан
«Жас биші» номинациясы бойынша:
Гран ПРИ: «Независимый Казахстан» (25 бала), корейский танец
І орын: Сапарбай Жасмин Мелісқызы, греческий танец, «Тулпарым» индийский танец, чеченский танец
ІІ орын: Жанаткызы Айсулу, таджикский танец
ІІІ орын: Конарбаева Молдир, узбекский танец, казахский танец
«Қылқалам шебері» номинациясы бойынша:
Гран ПРИ: Серікова Ханшайым, Әкімбай Мадина
І орын: Райс Батыр Бахытбекулы, Даулетова Камилла, Чернов Владислав
ІІ орын: Мұзартбек Інжу Бауыржанқызы, Амантай Айдана,Аргимбаева Александра, Уляшев Илья, Сычева София, Клименко Арина, Қайрбек Самал
ІІІ орын: Брославская Александра, Финогенова Алиса,Рабат Акмарал, Дүйсебек Диляра, Ахметова Дина, Медетбек Арман, Иса Зия