Біз- бүлдіршін зерттеушілерміз!
«Күншуақ» екінші сәбилер тобы
Менің тобымның балалары өте ақалды,алғыр кішкентай періштелер.Әр қайсысы жасаған әр жұмысыңа қызығушылықпен қарайды.Балаларға қоршаған ортамен таныстыру пәнінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында судың қасиеттерімен,түсімен таныстырдым.Балалар бәрін мұқият тыңдады. Мақсатым судың қасиеттерін,және түсін үйретіп, құрамын таныстырып, жылы және суық су туралы ұғым қалыптастыру болатын.Көздеген мақсатыма жету үшін сабақтан кейін балалармен өзіміздің шағын табиғат бұрышымызға кіріп зерттеу жұмысын жүргізіп көрсеттім.Қандай суда бояудың жақсы еритінін тәжірибие жасау арқылы жасап көрдік.Балалар кезектесіп менің басшылығымен ыдыста тұрған суық суға қызыл түсті бояу және екінші ыдыстағы жылы суға жасыл түсті бояу салып араластырып бірінші суық су құйылған ыдыстағы бояудың баяу, ал екінші жылы су құйылған ыдыстағы бояудың жақсы ерігендігіне көздері жетті.
Кей балалар бұнымен ғана шектелмей,үйге барғаннан кейін дәл сондай зерттеуді үй жағдайында ата-аналарымен біргеде жасап көрді.Табиғат бұрышына саяхат жасау арқылы балалардың сөздік қорын дамытып, балалардың қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылықтарын зерттеушілік-эксперименттік іс-әрекеттер арқылы дамыта білдім деп ойлаймын...
Біздің зерттеу жұмыстарымыз осымен ғана шектелмейді,алдағы уақытта тағыда зерттеу жұмыстарымызды ұсынатын боламыз!