Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасымен айқындалған білім берудің жаңа сапасына көшу қазіргі жағдайда білім беру саласы дамуының басты тенденциясы болып табылады. Білім беру жүйесінің алдында, мектепке дейінгі ұйымдардың алдында тұрған бағдарламаның бір міндеті, бұл-білім берудегі әдістемелік құрылымды жетілдіру. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістер мектепке дейінгі ұйымдағы басқару мен әдістемелік қызметінің мазмұнын түбегейлі өзгертті, дербестігі артты, сонымен қатар нәтижеге деген әдіскердің жауапкершілігі өсті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда болып жатқан соңғы өзгерістер бойынша, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес білім беру әдіскерлерге жаңа талаптар қойып отыр. Солардың алдыңғы қатарында тәрбие мен оқу қызметін жаңашаландыру тұрғандығы анық. Бұл талаптар мектепке дейінгі ұйымдардың әлеуметтік мәртебесін қарқынды түрде көтерумен қатар балалардың білім, білік, дағды деңгейлерін атртыруда да орны ерекше.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмысты БОТО «Еркем-ай Алматы» балабақшасы 2017-2018 оқу жылынан бастады. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тәрбие мен оқу қызметтері ұйымдастырылды. Оқу жылын қорытындылау мақсатында облыстық семинар ұйымдастырылып, «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының мамандары қатысты. Семинар облыс көлемінен 98 мектепке дейінгі ұйым педагогтарын қамтыды. Оқу қызметтерін жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін 8 топ тәрбиешілері (Пірімбетова Сабира Кылышбековна-ересетер тобы, Жакупжанова Карлыгаш Мырзалиевна-мектепалды даярлық тобы, Бозаева Раушан Океновна, Фазлыева Нонна Робертовна-ересетер тобы, Балашова – Адлер Марианна-орта топ, Лобанова Людмила Витальевна-орта топ, Кабылдина Салтанат Шыныбековна-мектепалды даярлық тобы, Сарменгалиева Лиза Куттыгуловна-мектепалды даярлық тобы, Малбаева Булбул Есимовна-мектепалды даярлық тобы) бес білім беру саласын қамти отырып, әртүрлі тақырыпта жан-жақты көрсетті. Оқу қызметіндегі тәрбиешінің рөлі айқындалып, балаларға еркін тәрбие берудің артықшылықтары анықталды.
Семинар қорытындысында келген педагогтар өз ризашылықтарын білдіріп, жоғары баға беріп, алдағы оқу жылында да осындай тәжірибе алмасулар болғанын жөн деп білетіндіктерін жеткізді.