top of page

БОТО «Еркем-ай Алматы» балабақшасы, «Күншуақ» тобы 2017-2018 оқу жылы бойынша қорытынды есеп


Осы 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айының сегізінші жұлдызынан бастап 2-ші сәбилер «Күншуақ» тобында жұмыс жасадым. Топта 21 бала болды,оның 9-ы ұл,12-қыз .Қазіргі таңда 17 бала қалды, 9-қыз,8-ұл.

Оқу –тәрбиесі үдірісі мемлекеттік білім беру стандартына сай типтік оқу бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Бес білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жек басының икемділіктері мен танымдық қабілетін,қызығушылығымен білуге құштарлығын арттырудың негізі болып табылыады.Оқу іс-әрекетінде,күнделікті ойын кезінде балалар,Отан, туған жер,отбасы,қоршаған орта құбылыстары,үй және дала жануарлары,құстар ,өсімдік әлемі туралы әңгіме жүргізіледі.

Оқу іс-әрекетінде бала ойындарына үлкен мән беріледі.Ойын- баланың негізгі әрекеті.Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін,қоршаған ортаны , табиғатты таниды.Ойын үстінде игерген білім-білік дағдыларын қолдануға,жетілдіруге мүмкіндік алады.Баланың жан-жақты дамуын көздейтін,оның тілін жаттықтыратын,қимыл-қозғалысын жетілдіретін,белсенділігін арттыратын,басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын дидактикалық,қимыл –қозғалыс, сюжетті – рөлдік ойындарды күнделікті ойнатып отыруға аса мән берілді.

“Шығармашылық” саласы бойынша балалармен әр түрлі көрнекіліктер жасалды. Балаларға ертегі оқып, әңгімелеп беру бала тілінің, қиялының дамуына ықпал етеді. Балалардың қазақ ертегісіне деген қызығушылығын арттыру барысында балаларға көптеген ертегілер әңгімеленді. Білімдерді күшейту,сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын толық жеткізу, баланың сөздік мәдениетін,еркін сөйлеп, өз ойларын толық жеткізу,баланың сөздік қорын дамыту. Балаларды еңбекке,татулыққа тәрбиелеу.

Сонымен қатар өткізілуі тиіс ертеңгіліктерімізде өз деңгейінде өтті.Күз айларында «Алтын күз» атты ертеңгілік Екі тілде «Ақбота» тобымен бірге өткізілді.Желтоқсан айының сонында «Жарқыра шыршамыз» атты жаңа жылдық ертеңгілігіміз өтті.Наурыз айында «Асыл анам» атты ертеңгілігіміз өз дәрежесінде өтті.

Сонымен қатар топта «Біз бүлдіршін зерттеушілерміз» атты кішігірім топтық тәжірибелік жұмыстарды өзіміздің арнайы жабдықталған эксперементтік бұрышымыз табиғат бұрышында жасап көрдік.Ол жерде балалар көптеген тәжірибиелік зерттеу жұмыстарын жасап көрді.Мысалға матаның қасиеті.(қалың –жұқа) Құмның қасиеті(дымқыл-құрғақ)

Оқу жылының соңында бес білім беру саласы бойынша балалардың білімі тексерілді. Нәтижесі мынадай:

1. «Коммуникация» білім беру саласы

Жоғары деңгей -7бала,орташа деңгей –10бала.

2. «Таным» білім беру саласы

жоғары деңгей -7бала,орташа деңгей -10бала.

3. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы

жоғары деңгей -7бала,орташа деңгей -10бала.

4. «Денсаулық» білім беру саласы

жоғары деңгей -7бала,орташа деңгей -10бала.

5. «Шығармашылық» білім беру саласы

жоғары деңгей -11бала,орташа деңгей -6ала.

Орташа деңгей көрсеткен балалармен жазғы маусым кезінде қосымша түзету жоспары жоспарлануда.

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page