МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ТӘРБИЕ МЕН ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢАРТЫЛҒАН

АЛДЫМЫЗДА ЕШКІНІҢ ЛАҒЫ ЕМЕС,ҚОЙДЫҢ ҚОШАҚАНЫ ЕМЕС,ТАУЫҚТЫҢ БАЛАПАНЫ ЕМЕС,АДАМНЫҢ - БАЛАСЫ !!!

Жекеменшік балабақшалардағы қызмет сапасы тікелей балабақша құрылтайшысы мен басшылығына байланысты.Қазіргі таңда үкімет тарапынан қаржы бөлінетінді естіп балабақша құрылысы мен балабақша ашам деген әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда.Елбасымыздың тікелей араласуымен және көрегенді саясаттың арқасында мектепке дейінгі жастағы балалар түгелімен балабақшаларда орын тауып,тәрбиеленіп жатыр.Қолынан іс келетіндер өз істерін дөңгелетіп-ақ отыр.Дегенмен де осы саланы пайда көзі деп қана қарап,баланың тәрбиесі мен оқыту процессіне мән бермей,жүре қарап жүргендер де бар.Сондықтан қазіргі күні балабақшалардағы жағдай шоуға айналғандай болып жатыр.Баланың денсаулығы мен саналы болуын ойламай кеткен кәсіпкер болсын,үкімет тарапындағы балабақшадағы басшы болсын, өз жазаларын алуы керек.Мамандардың небір өрескел қылықтарына да тікелей басшы жауап беруі керек.Неге мамандармен жұмыс жоқ? Сонда не үшін еңбек ақы алуда?Кәсіпкерлерге де айтарым,сіздер кәсіп деп балабақша ашқан соң,барлық жауапкершілікті мойныңызға алуларыңыз керек.Үкімет тарапынан берілген және берілетін қаржы ең бірінші баланың дамуына берілген қаржы.Ал сіздің балабақша осы қаржыны игере алатындай жағдай жасап,баланың дамуына ықпал ететіндей болуы шарт.Өзіңіз тек қана құрылтайшы болсаңыз,ендеше осы істі алып кететіндей басшы маман дайындаңыз.Оған да сіз тікелей жауапты болуыңыз керек.Жалға беру деген де осы саланың бір олқылығы болып тұр.Коттедждерінің бағасын шарықтатып,жатып -ақ ақша жасап отырғандар да көбейді.Әсіресе қала мен аудан орталықтарындағы жағдай алаңдатуда.Бірақ,балабақша сапасы тікелей басшылыққа байланысты екенін мен дәлелдей аламын.Иә,оқу мен тәрбие процессі де басшыға тікелей байланысты болмаса да,басшы болып,жағдайды қадағалау - ол басшының міндеті.Мамандардың да маңдайынан сипап,жағдайларын сұрап,мәселелерін шешуде басшы аса мұқият болғаны дұрыс.Бұл менің ойым.Тіпті жұмыс барысында кәсіби мамандығын шыңдауда да,біліктіліктерін арттыруда да қолдау табу керек.Тек қана сапалы және білікті маман ғана сапалы қызмет түрін көрсете алатыны бәрімізге мәлім.Солай бола тұрса да,әлеуметтік кәсіпкер ол туралы ойлана қойған жоқ.Әсіресе орталықтан шалғайлау аудан мен ауылдағы кәсіпкерлер өз балабақшаларының жағдайын ойлап,маманның сапасына көңіл бөлуді үйренуі қажет.Бұл тұрғыда айтарымыз,жан басына шаққандағы қаржы көлемінде кәсіби біліктілікке қаржы қарастырылмаған.Ендеше білікті маман қайдан шығады?Ата-ананың төлейтін қаржысын көтеремін десе,көтере алмай,қаржыны шаруашылығына жеткізе алмаған әлеуметтік кәсіпкер не істеуі керек? Осы сұраққа жауап: маманның біліктілігіне шартты түрде инвестиция салу керек.Оны маман шартты түрде қабылдауы керек.Тамаша нәтиже мен білікті маман ғана сапалы қызмет түрін көрсете алатыны қағида!!! Осы қағиданың ережесі : күнделікті ізденіс,үйрену,семинарларға қатысу,тренингті тыңдау және таңдау....Иә,адам басына түссе баспақшыл деген осы.Жекеменшік балабақшалар желісін ашып,енді маманның біліктілігін арттырам деген тамаша оймен "Өрлеуге" 6-7 тәрбиешімді 2014 жылы қаржысын құйып тұрып,үлкен үмітпен жібергенімді қайтейін,қуанышым қыздарымның "бізді курсқа кіргізбей,қуып жіберді.Сіздер жекеменшіксіздер,біз оқытпаймыз" деген хабарламаларынан кейін-ақ,лезде басылды.Міне,сол кезден-ақ қызыма хабарластым."Сен Назарбаев университетіне түсесің.Біз өзіміздің жекеменшік ұйымдардың мамандарына біліктерін арттыратын "Оқу орталығын" ашуды айттым.Оны шұғыл түрде жүзеге асыруды бұйырдым.Содан бері үш жыл өтті...Аллаға шүкір,қызым да Назарбаев Университетін тамамдады. "Жаңа Жетісу Білімі" оқыту орталығы құрылып,өз қызметімен қаншама маманның көкірегін оятып,саналарына сәуле ұялатып отырған жайымыз бар.Қаншама маман алғысын жаудыруда....Соның дәлелі кешегі 2-ші қарашада өткен Облыстық семинар.Семинарымызға 98 маман қатысып,мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің тәрбие мен оқу-іс әрекетеріндегі технологиялардың заманауи үлгілерін тамашалады.Барлық мамандар үлкен тәрбиелік мәні бар ашық сабақтар мен тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп,сертификаттарын құрметпен қабылдап,ауылдарына қайтты. Оқу орталығымыздың ұжымымен берекелі ісіміздің мерекесі болатын осындай іс-шараларымызды қалаларда, аудандарда,ауылдарда өткізуді ертеңгі күндердің еншісіне артып,қуанышпен бөлісуді жөн көрдік....


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square

© 2023 «Новый мир».

Сайт создан на Wix.com

Следите за новостями:

Пишите нам по любому вопросу:

  • Wix Facebook page

Коттеджный городок

«Жана Куат»

 

Телефон:

304-93-53; 304-93-58
 

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now