top of page

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!


Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар!

Жаңа жыл-бұл балалардың өте тағатсыздана күтетін мерекелерінің бірі.Міне, бұл мерекеніде «Жұлдызша » тобының балаларымен жоғарғы деңгейде атап өттік.Алға қойған мақсатымызға жетіп,мереке өз деңгейінде өтіп ата ананың алғысын алып қуанып жатырмыз. Ал, балалар болса Аяз атаны әсем әндерімен сусындатып, «Аққала», «Ұлпақарлар», «Қояндар» биін билеп,үш тілде тақпақтарын айтып,өз өнерлерін көрсетіп сыйлықтарға ие болды.Бұл жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіміз балалармен ата- аналарымыздың есінде қалмақ. Жаңа жыл қарсаңында барлықтарыңызға тек жақсылық, береке,бірлік тілейміз! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Ата – аналар пікірі

****************************************************************

25-желтоқсан күні «Еркем-ай» балабақшасында «Жұлдызша» тобында өткен ертеңгілік өте жоғары деңгейде өтті. «Жұлдызша» тобының тәрбиешісі Айгерим Мақсатқызының балалармен жұмыс істеуінде жетік маман екенініне көзіміз жетті.Әр түрлі мінезді балалар бір үйдің баласындай ән айтып,би билеп,тақпақ айтып, ата –аналарын таңқалдырды.Керемет әсер алдық.Осылай ұйымдастыру үшін қаншама тер төгілді десеңізші.Айгерим Мақсатқызы сіздің еңбегіңіз зор!Сізге алғыс айтамыз.Жұмысыңыз жемісті,болашағыңыз жарқын, денсаулығыңыз мықты болсын!!!

Ізгі ниетпен Алинур Ауғанның мамасы-Айгуль Абен.

Бүгінгі жаңа жылға арналған мереке өте жоғарғы деңгейде өтті. Айгерим Мақсатқызына алғысымыз шексіз.Балапандарымыздың өнерінен ұмытылмастай әсер алдық. Айгерим Мақсатқызы сіздің еңбегіңіздің жемісін көріңіз,алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз.Әрқашан жүзіңізден күлкі кетпей,тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіз!Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын!Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметіңіздің жемісін көріңіз.Отбасыңызға бақыт,береке,мол табыс тілеймін.

Алтаирдың мамасы-Айгуль!

Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!Бүгінгі мереке өте қызықты өтті.Балапандарымызды дайындаған Айгерим Мақсатқызына алғысымыз шексіз,және осы мерекеге атсалысқан апайларымызға, ата-аналарымызға ,ұйымдастырушыларға рахмет!Осындай қуанышты кештермен балапандарымыз қуанта берсін!Айгерим апайымыз табысқа жете берсін!

Шыңғыстың мамасы-Анара!

Құрметті Айгерим Мақсатқызы, «Еркем-ай» балабақшасының ұжымы сіздерді келе жатқан жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! «Жұлдызша» тобымыздың ертеңгілігі өте жоғарғы деңгейде өтті. Айгерим Мақсатқызы біздің топта екі жыл көлемінде тәрбиеші қызметін атқарып келеді.Балаларымыз жан-жақты ашылып,оқуға ,білімге,өнерге құштарланып келеді.Соның барлығы ,тәрбиешіміздің еңбегі деп білеміз.Балаларымыз сізден -өнеге білім алып,тек биіктерден көріне берсін.Мейірлі мерекеде деніңізге саулық,отбасыңызға амандық,істеріңізге саулық тілеймін.

Ізгі тілекпен –Абылайдың анасы.

Қымбатты біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәрбиешісі –Айгерим Мақсатқызы.Жаңа жыл қарсаңында өткен мерекелік іс-шара өз деңгейінде жоғары болуымен құттықтаймыз!Әр түрлі мінезді балалардың екінші анасы болып, бір отбасындай етіп,тәлім тәрбиемен қатар,қарны тоқ болуы, таза жүру,әдепті ету оңай шаруа емес,тағы олардың ата-аналарының ойынан шығу үлкен жауапкершілікті талап етеді.Барлық тәрбиешілерге үлгі болатын жансыз.Тіл көзден сақтасын,еңбегіңіздің биік белестерін бағындыра беріңіз.Осы топтың ата аналарыда өте мықты,білімді жандар екен,бұл сіздің жақсы екеніңізді білдіреді....

Ізгі тілекпен –Ернардың анасы.

Құрметті Айгерим Мақсатқызы,сізге алғысымыз шексіз.....

Бұдан бұрын баламды екі балабақшаға апарып көргенмін,екеуіде көңілімнен шықпай,тіпті тәрбиелеу жұмысы тіпті ұнамаған. «Еркем-ай »балабақшасына баламды орналастырғаныма және балам сіздің топқа келгеніне қуаныштымын.Тәрбие жұмысының жоғарғы дәрежеде жүріп жатқанын көріп,қуанышым шексіз.Сіздің жасап жатқан жұмысыңыз ашық ниетпен,және шын жүректен шығып жүргені әр балаға және әр ата-анаға белгілі.

25.12.18 күні өткен ертеңгілік зор еңбекпен өз жұмысына деген махаббаттың жемісі.Сізге шығармашылық табыс пен алдағы мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін!Үлкен және шын жүректен шыққан алғысымды білдіремін.

Аленнің мамасы-Жібек.

Әйгерім апай жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!Қиындығы мен қызығы бірге жүретін еңбектеріңіз жемісті болсын!Әр отбасынан келгшен балалардың мінезі алуан түлі.Соған қарамастан әр баланың жүрегіне жол тауып оларға жан жақты тәлім тәрбие беріп өнерге баулып отырасыз.Кішкентай бүлдіршінмен жұмыс істеу оңай шаруа емес.Оған қажырлы қайратпен күш жігер керек.Осының бәрі сізден табылады.Талмай еңбек еткен адам ғана жемісін көреді.Соның бір айғағы осы жылғы жаңа жылдық ертеңгілік өте бір керемет жоғарғы деңгейде өтті.Балалардың өнерінен біз ата-аналар өте тамаша әсер алдық.Осының бәрі сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі.Жаста болса мықты өз жұмысын жетік білетін мамансыз.Сізді біз мақтан тұтамыз.Немерем Аяжан сіздей қажырлы ұстаздан тәлім тәрбие алып жатқанына қуаныштымын.Өз ісіне берік тыңғылықты сіз сияқты мамандар көбірек болса екен.Осы тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндеріңіз сізді қуанта берсін.Жанұяңызға бірлік,береке тілеймін.Әрқашан басыңыз аман бауырыңыз бүтін болсын. Айгерим апай сіздің зор еңбегіңіздің арқасында бүгінгі жаңа жылдың ертеңгілігі өте тамаша деңгейде өтті.Еңбегіңіз жана берсін.Жаңа жыл құтты болсын!Сізге көп-көп рахмет.Еңбегіңіз жана берсін!

Ізгі ниетпен:Аяжанның апасы мен мамасы

Избранные посты
Недавние посты
Архив
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
bottom of page